БЕРУ

lat: BERÝ

Бер етістігінің қимыл атауы . Қос өзен қосарланған қос келіншек, Жағаңда жан біткенді дос көруші ек. Атаның ғұрпын сақтап күйеусініп, Кез келген кедейің де төс беруші ед (1,274). Қақың жоқ сенің дем алуға да соқпауға, Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға. Қақым жоқ менің демалыс саған беруге , Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға! (3,247).