ет. 1. Біреуге бір затты қолымен ұстату . Сен маған шарфыңды бер , шарфынды бер , Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр, Қарызыңды мың есе қайтармасам, Шапалақпен жағымнан тартып жібер (2,241).Сеніңіз маған, сезіңіз мен де жауынгер, Жорыққа барам, Жорыққа барам, қару бер ! Қару бер маған! Қару бер дағы, әлім көр (3,23). 2. Бір нәрсені біреуге тапсыру, өткізу, жіберу . Қызыл аяқ партизандар – Қырдан масақ тергеміз, Қалтамызды қағып тұрып, Қан майданға бергеміз (1,240). Көнеремін, білемін, көнеремін. Көгере бер мәңгілік сен, өлеңім!.. Жырсыз менің өмірге не керегім, Жырдан басқа жұртыма не беремін (3,133). 3. Риза ету, жарылқау, тілегін орындау . Өмір бер маған аздаған, Бақыт бер маған аздаған! Молынан ырыс беріп ең, Өртеніп кете жаздағам (3,46). Баяғыдай... Бәрі де баяғыдай. Баяғыдай кілемін жаяды май. Енді маған қырықтың қылығын бер , Ақылын бер , арын бер , ая, құдай! (3,82). 4. Тамақтандыру, азықтандыру, қоректендіру . Берген тамағың, Айран-шалабың Қөңілде қалды кілкілдеп. Жайраң ағаны Қайдан табамын? Жас келді көзге біртіндеп (3,122). Шәй береді, артынан ет келеді , Сылқита соқ, (соныңды еп көреді). Жел ауыз жеңешеңнен сақ болғайсың, Әзілмен қанжығаға бөктереді (2,292).