Жүзі, бет пішіні. - Әрине, - деп, әп-әдемі ойлар айтатын адамша бет әлпетін құбылтып, қиналған кейіпте Боташ біразға дейін үнсіз отырып қалды (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). Розаның бет әлпетіне қадала қарағанда, ар жағынан Ермектің шегір көзі жылт ете қалды (Т.Ахтанов, Боран). Сұлтекең өз айтқанына өзі сенеді, бет әлпеті өзгеріп кеткен, шабытты (Ә.Тарази, Асу.).