БЕТ /216/

lat: BET /216/

зат. 1. Адамның оң және сол жақ сүйегінің үстіңгі еті . Аязда тоңды-ау, аптапта күйді-ау жондары, Азаппен жүріп жарылды-ау беті , қолдары. Сезеді ішім, терменен осы үй орнады, Сол жандар бізбен, амал не, бірге болмады (1,295). Ауылдың жаны ақ бастау, Ақ бастау бар да, жу бетің . Ақ бастау түбі ақ таста, Айнымас сенен суретің (2,206). 2. Бастың ауыз, мұрын, көз орналасқан алдыңғы жағы; жүз, келбет, дидар . Біреулерді мерт қылып аламын деп, Ашуыма ауыздық саламын кеп. Тентек інім бетіме тік қараса, Жасқанамын жандай-ақ залалым көп (2,87). Есітіп мұны Құрман жалынбады, Жалынбады және де қабынбады. Сипай соққан самалға бетін төсеп, Ала аттың арқасында дамылдады (1,190). 3. Бір нәрсенің (өзен, көл т.б.) үстіңгі жағы . Айтыстық та. Жазғандарын көбінесе сынадық, Сегіз ақын біріктікте, бір суретші құрадық! Күн батқанда су бетінде бозғыл бояу болмайды, Десе бірі, сегіз ақын бірін-бірі қолдайды (1,306). Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде , Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле. Бас бағып жағада отыр жалғыз ана, Таңданып тәкаппар құс келбетіне (2,174). 4. Кітап, газет т.б. парақтарының жазу жазылған әрбір жағы . Газет пенен журналы әр аптаның тауса аласың қалайша қарап бәрін. «Правданың» ең соңғы нөмірін ап, жәйлап қана беттерін парақтадым (2,334). Қайдан білейін, мына бір дәптердің беті қып-қызыл ала (4,241). Екеуміз де талай қағаздың бетін былғадық қой (4,237).