зат. бот. Тау етегіндегі түп-түп болып өсетін, мал жайылымдық құнарлы шөп . Ауыр мұң басқан құла дүз, Сарғайып біткен бетеге , Аңызақ ауа, шіркін күз, Қабағын ашпай кете ме? (1,31). Жанай соққан бөктерден тау самалы, Жасыл алқап далаға жан салады. Боз үкісін көделер үлпілдетсе, Саршұнақ, бетегелер тамсанады (1,305).