lat: BIİKTİK
зат. 1. Бір нәрсенің тік бағыттағы қашықтық шамасы .
Шыңның мен ұнатамын биіктігін ,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?! (1,185).
Бір нәрсені жоғалттым да,
Бір нәрсені ұрлаттым.
Сан соқпақты сапарымда,
Мықтымын ғой деуші едім.
Биіктіктің барлығын да бойымменен өлшедім (3,43).
2. Аспан, көк, әуе .
Тіпті, таяқпен түртер биіктікте бізді айналып төрт құс ұшып жүр (4,97).
Сұмдық биіктікте рахатта жүр екен.
Қасында және бір алып қыран бар, ол – қоңырлау (4,98).