lat: BOIa
ет. 1 . Бояу жағу; әдемілеу, сәндеу .
«Сол дуалдың ар жағында мәңгі жалын жалаулап,
Мұнараны боямақшы , – деді ұстазым, – алаулап,
Тамұқтың да бір қабаты, міне, ашылды талаурап» (5,40).
2 . ауыс. Басқа түске ендіру, түсін өзгерту.
Құшағымды бояп, міне, қара қызыл қан да ақты,
Жібергем жоқ, жібергім жоқ өмір дейтін жанатты (1,312).
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері,
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді,
Соғыстың соңғы көктемі (3,156).
3 . ауыс. Бір нәрсені бүркемелеу, көлегейлеу, жасыру .
Түсінер ме не екенін бақ пен нала,
Боя дейді жалғанды ақпен ғана.
Сезер ме екен білгішім, қайдам, қайдам,
Тұратынын алмасын ақ пен қара (3,92).