lat: BOIaL
ет. 1 . Бояу жағылу .
Құз жартастан төменде, боялған табыт реңді,
Айналсоқтап бір топ жүр үмітсіз де сүреңді.
Сорасы ағып көзінен жылжиды зорға құр енді (5,108).
2. ауыс. Белгілі бір түске ену, түсін өзгерту .
Таң мен күннің арасы таянғанда,
Таудың басы алаумен боялғанда ,
Тірілетін таудағы бар тіршілік,
Қанатынан аққудың оянған ба?! (2,172).
Нұрымен ақ таңның боялған ,
Өлкеміз ұйқыдан оянған,
Күтуде асқар тау, сай, орман.
Жорыққа, сапарға даярлан (3,288).