lat: BOL /782/
к.ет. 1 . –Ып/-іп/-п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп келіп, іс-әрекеттің біткенін, аяқталғанын білдіреді .
Олар соғыс театрында ойнап болды ,
Олар Гитлердің басымен ойлап болды.
Олар өлім алдында жанталасып,
Біздерді біржола жоймақ болды (2, 255).
Өздеріңізге белгілі,
«Тәңірдің тәлкегі» үш кітаптан тұрады («Тамұқ», «Ғарасат майданы», «Ұжмақ»). «Тамұқ» деп аталатын бөлімін ада-күде аударып болдым . Көлемі бес баспа қағаз (4,88).
2 . Барыс жалғаулы тұйық етістікпен тіркесіп келіп, бір нәрсені құптауды (немесе құптамауды) білдіреді .
Шыда! Шыда! Шыдай түс, тағы, шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа
Қарысуға болады , алысуға (2,189).
1969 жылы жарық көрген сәтті туындыларға біздің ақын қарындастарымыз Рзаның «Жаннат жерін», Ақұштаптың «Назын» жатқызуға болады (4, 271).
Мына табиғаттың мұншама құдіретін тек қана қарындашпен жеткізуге болмайды (4, 142).
3 . –Ған/-ген тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесіп келіп, іс-әрекеттің жеткіліксіздігін көрсетеді .
Ана көңлі қашаннан күпті еді де,
Сенген болды , бір ойды жүктеді де:
- Қалай дедің, қаршығам, қалай дедің,
Басталмаған мәжіліс бітпеді ме?! (4, 32).
Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады (4,117).
4 . –Мақ/-мек тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесіп келіп, сөйлеушінің ниетін, пиғылын білдіреді .
Алақандай орамалды бөлмек болдық екіге.
Қыз жүрегін олжалауға қақымыз жоқ, бөлмедік (1,307).
Ол соншама қап-қараңғы, көп-көмескі, теп-терең,
Бір нәрсені білмек болып еңкейіппін текке мен,
Ештеңе де түйінбедім, гулейді ұра леппенен (5,20).
5 . – Са/-се тұлғалы негізгі етістікпен тіркесіп келіп, іске ризалықты, қанағаттанғандықты білдіреді .
Оңымнан туса болды ай, күндерім,
Қайтер дейсің қажаған қайғың мені.
Лайланбай ақ таңда жатса болды,
Аққу жүзге көңілдің айдын көлі.
Қайтер дейсің қажаған қайғың мені (2,81).
Жылдардың ұзаруда тізбектері,
Жаз өтті. Бара жатыр күз де өткелі.
Қыс та өтер, Қыспен бірге мен де өтермін.
Бақытым жүрсе болды іздеп мені (3,160).