БОЛ

lat: BOL /1538+782/

ет. 1. Есім сөздермен тіркесіп келіп, белгілі бір істің, құбылыстың болуын, іске асуын білдіреді .

Жаз болды .

Көріктенді құлпырып жер,

Оранып көк көрпеге бар өңірлер.

Төсінде жер ананың толықсиды,

Сансыз көп, сары, жасыл өсімдіктер (1,13).

Оның үстіне со бір жылдары қуаңшылық болып , астық шықпай қалды (4,134).

2 . Есім сөздермен тіркесіп келіп, бір нәрсенің бар екендігін білдіреді .

Екі Ана, екі ғана дос болатын,

Екі іні, құла құнан қос қанатым.

Жеті жетім сүйеніп бір-біріне,

Қайғы дейтін қаңырап бос қалатын (1,257).

Екеуі де саған ұшып кеткенде,

Елші болып екеуі де жеткенде,

Жаныштап бір жаза көрген жанымды,

Қалғандары ойран салар тек менде (4, 29).

3 . Есім сөздермен тіркесіп келіп, бір нәрсенің басында, қасында болғандықты білдіреді .

Жайлауда болды Әкітай, Семіртіп қойын бірнеше ай.

Шілденің ыстық күнінде,

Мал бабын тапты жалықпай (1,8).

Жатқызбас тыныш жауынгер үні дабылдың,

Қасында болам жауынгер мына қауымның.

Күнелту күнә үстімен жүзіп ауырдың,

Тозағын көріп, азабын тартпау дауылдың.

Қару бер маған! Қадірін білем қарудың (3,23).

4 . Есім сөздермен тіркесіп келіп, белгілі бір күйге көшуді, басқа қалыпқа келуді білдіреді .

Атадан қалған асылдарсыздар,

Дауылдансыздар, жасыннансыздар.

Өзен боп көлге қосылғансыздар,

Дән болып жерге шашылғансыздар (1,206).

Іреңің неге сонша мұң атулы?

Жігерің неге сонша уатылды?

Балауса шыбық едің, емен болдың,

Бойыңа жиып алыпы қуатыңды (2,95).

5 . Есімдіктермен тіркесіп келіп, қимыл иесін даралауды, нақтылауды білдіреді .

Кереметі-ай!

Мына жарық сәуленің!

Езу тартып барады, әне, әлдекім,

Алатау да жатыр, әне, сәнденіп,

Ал мен болсам ,

Бір жаныммен әуремін (3,216).

Мен ұлымын, сен болсаң немересің,

Азабыңнан басқа сен не бересің?

Ақ шашты әулиеңді өкпелетсең,

Қайда барып, мұрынбоқ, күн көресің? (1,138).

6 . Өзі (бол сөзі ) жеке қолданылып, «бітті», «аяқталды» деген мағына береді .

Керуенім шұбалып,

Кең даланы кезбеймін,

Кең бұлақтан су алып,

Бақырға құрт езбеймін.

Ұшты. Болды.

«ТУ» алып,

Қонғанымды сезбеймін (1,280).

7 . Болымсыз тұлғада келіп, «әйтпесе» деген мәнде қолданылады .

Мойымай бас көтер, керек бұл!

Болмаса, дұшпандар өрекпір.

Сарқылмас қазынаң қойныңда

Қойныңда отын, нан, электр (1,125).

Дегейсің болмашыға қамығып жүр,

Болмаса , барлығы да табылып жүр.

Құлын-тайдай тең өскен құрбыларың,

Дегейсің сағынып жүр, сағынып жүр (3,257).

Балаларым ғой...

Олар болмаса өкінішсіз-ақ өлуге болар еді (4,50).