lat: BORA
ет. 1 . Боран, жел, бұрқасынның ұйтқи соғуы, екпіндеу .
Батырсып, қайрат жиып, жортқан болам,
– Қайт! – дейді қарсы алдымнан соққан боран .
Сонда, аға, сен қай жерде бара жаттың?
Шұбардың тұяғынан оқтар борап?! (1,244).
Өкінбеймін бұрқасын борағанға ,
Өкінемін кек тұман орағанға (1,207).
2 . ауыс. Жаңбырдай жауу, қаптау .
Табытының үстінен оқ борады ,
Ақынның тіршіліктен жоқ хабары.
Әйтеуір, әйнегінен от жанады,
Жүр ме екен, өлі ақынды соттағалы?!
Әлі де үйін тору тоқтамады (3,39).
Бозқараған!
Армысың, қасиеттім бөзге ораған!
Қайда әлгі бойжеткенің көз қадаған?
Қайда жеңгем соңынан сөз бораған ? (2,224).