әр түрлі жармаларды суға немесе сүтке пісіріп дайындалған тағам. Сұйық, жабысқақ және сусымалы ботқалар болады. Сұйық және жабысқақ ботқаларды көбіне тары, күріш, сұлы жармаларынан, ұнтақ жармадан, қарақұмықтан дайындайды. Жабысқақ ботқалардан котлет және басқа тағамдар дайындайды. Сусымалы ботқаларды суға немесе сорпаға пісіреді. Сусымалы ботқаларды гарнир есебінде де қолданады.