lat: BOZAR
ет. 1 . Боз түске ену, бозғылттану .
Атқанда таң бозарып алтын арай,
Аралап өсімдікті жүрдім талай.
Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,
Алдымнан болды пайда әлдеқалай (1,13).
Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда,
Есіңе мені алғайсың!
Есіңе мені алғайсың! (1,180).
2 . ауыс. Өңі бұзылу, түсі қашу .
Ойында не жоқ, не бары,
Ақжанның жүрді ішінде.
Бозарып , солып ажары,
Мұң тұрды мұңлы пішінде (2,323).
Сонда біздің жанарымыз бір-біріне төнген-ді,
Өң бозарып , өн бойымыз діріл қаға берген-ді.
Бірақ әрі кітап бізді жетелеген, жеңген-ді (5,29).
Ол жүзі бозарып , демін ішіне тартып, жұтына тыңдап тұр (4,193).