БҰЙРА

lat: BUIRA

сын. 1 . Бұратылған, ширатылған (шаш).

«Кездестіріп едім ғой, сонда бұйра шашың да,

Жарқыраған.

Сондықтан қарап тұрмын, расында.

Алессию Интерминелли жатқандайын осында» (5,87).

2 . поэт. Басы бұйраланып көрінген (тал).

Бұлықсып былдыр бұлақ сайда аунады,

Бұралып бұйра талдар Айды алдады.

Қарағай сыбдырымен қалғып-мүлгіп,

Суып тұр ала бесті байлаудағы (1,192).

Шақырады шабындықтар, бұйра шашты талдар,

Жолдарыңа көз тігуде кемпірлер мен шалдар!

Туған жердің аспаны да азан салып жоқтап,

Жұлдыздардың көздерінен отты жасы парлар (3, 229).