БҰЛ

lat: BUL /537/

есім. Біреуді, бір нәрсені меңзеп көрсететін сілтеу есімдігі .

Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,

Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам.

Бұл соқпақпен баламды да ұзатып сап мезгілсіз,

Бәрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам (1,299).

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім,

Кіндігімді байлаған қазығым-ай,

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім (2,82).