БҰРШАҚ

lat: BURSHAQ

зат. 1. Аспаннан мұз күйінде түсетін, домалақ, атмосфералық жауын-шашын .

Хош, бақытым, хош, өмірдің көктемі,

Асығасың менен аулақ кеткелі.

Асығасың, түнересің бұлттанып,

Бақытсызға бұршақ сеуіп өткелі (1,80).

Болғасын ашық, бақтым да ауа райын,

Плащсыз үйден серуендеуге шығайын.

Бұл пен дауыл, бұршақ пен жаңбыр қатар кеп,

Бұғынар жер жоқ, не амал таптым, құдайым?! (4,23).

2 . ауыс. Бұршақ сияқты домалақ келген көз жасы .

Зіл батпан уайыммен жаншыламын,

Көзімнен бұршақ жауды, аршымадым,

Көл-көсір адамзаттың көз жасына,

Құйылып жатты менің тамшыларым (1,262).

Көңілім менің басылды,

Шегіне жеттім төзімнің.

Сүйе де менің басымды,

Бұршағын аршы көзімнің! (1,159).