БҰРЫНҒЫ

lat: BURYNǴY

сын. 1 . Ертедегі, баяғыдағы, ерте кездегі .

Бозаңы шыққан бөктерге,

Боз, жусан қаптап кеткен бе?

Бұрынғы күнім жоқ менде

Қырғидай тиген кептерге (2,92).

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,

Ойнақ салып құлын-тай қырында жүр.

Сүттен бұлақ ағызып сиырлы ауыл,

Іркіт иісі келеді мұрынға бір (3,217).

2 . Әуелгі, бастапқы .

Тек бұрынғыларға қосымша айтарым: иә, Әбділда тұғыры мықты, алған бағыты айқын, үлкен парасат, үлкен ойдың ақыны (4,260).

Бұрынғы хатың мен соңғысын қосып алдым десем де болғандай, айып етпе, кешірім? (5,227).