lat: BUTAQ
зат. 1 . Ағаш, бұта т.б. өсімдіктер діңінің (сабағының) бүйірінен өскен тармақ-тармақ өркендері (өскіндері).
Жануардың жатыр екен сүті ағып,
Жүрегімде жаман сезік тұтанып,
Қайта сөнді... от жақтым,
Сындырдым да қарағайдың бұтағын (1, 174).
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді? (2,88).
2 . ауыс. Тұтас нәрсенің жеке бір тармағы (саласы).
Сол өнердің ең мықты, ең бір мәуелі-жапырақты бұтақтарының бірі – поэзия (4,274).