БҰЗАУ

lat: BUZAÝ

зат. Сиырдың алты айлық төлі .

Балапандар сары езу,

Қораптарын жарады,

Бақа-шаян, құрттар да өсіп-өніп барады.

Сиыр бұзау , биелер құлындарын табады.

Төбешіктен күрең көк картошкалар қарады (3,310).

Қоңыр кеш, ауыл алаңсыз. Есік алдындағы қазықтағы қасқа сиыр бұзауын бауырына алып, жусап жатыр (4,187).