lat: BYLAI /43/
үст. 1 . Нұсқалған жақ, сілтенген тұс .
– Түк көрмеген түлейдей... малды ұра ма?!
Жоғал былай , торсықтай салбырама!
Серке емес, сен өзің де сескенесің,
Сен қылмаған ерлікті мал қыла ма?! (1,100).
Тағдыры бірге, ей, жазған, тұр былай жолдан, ділгірме,
Басқа бір жанмен енуге жабайы, тағы үңгірге,
Тәңірінің өзі бұйырған мына маған, білдің бе?! (5,99).
2 . Осылай, мынадай .
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс,айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған (1,281).
Біреудің жар дегенде жалғызы екенсің, шырақ.
Былай істесең қайтер еді (4,233).
3 . экспр. эмоц. Адамның астарлы ойын, ішкі сезімін білдіретін сөз .
Қалай өзі, былай ...
Ауыз тұшитын адам ба? (4,235).
Бағдат, қалай өзі, былай (жүрегін көрсетіп), жүрегің Шопеннің этюдтерін ойнап тұрған жоқ па? (4,217).