з а т. ө с к. Реактивтік снарядтардың, авиабомба, мина және атылған оқтың ұшу заңдылығын зерттейтін ғылым. Ежелгі соғыс құралдарының, соның ішінде садақтардың, жебелердің қолданылу орны мен ретіне қарай түрліше болып келуі баллистика заңдылықтарымен есептесудің көне замандардан бастау алатындығын көрсетеді (ҚҰЭ). Баллистика жөнінде алғашқы еңбекті 1537 жылы италиялық математик Н.Тарталья (1499-1557) жазды (ҚҰЭ).