Балалар әдебиеті

lat: Balalar ádebıeti.

Балаларға арналып жазылған немесе балалардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына әсер етіп, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалған әдеби шығармалар. Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арнаулы бір саласы (ҚҰЭ). Қазақ балалар әдебиетінде кейінгі жылдар ішінде ертегі мен мысалдан ауысып, заманымыздың ірі тақырыптарына қарай қадам басқандық байқалады (Ғ. Мүсірепов, Суреткер.).