Ата-анасы жоқ балалар тәрбиеленетін орын. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты - балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау (ҚҰЭ). Бірақ Манарбек балалар үйінде көп болмай, далада, еркіндікте өсіп қалған адам, елге шығып, өнер жолына түседі (А.Жұбанов, Замана.). Сайрам ауданындағы №4 балаларүйіне биылғы 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде «Китко» ААҚ «Газель» автокөлігін сыйға тартты («Жас Алаш»).