Балды өсімдіктер

lat: Baldy ósimdikter.

Гүлінен баларасы шірне, тозаң жинайтын жабық тұқымды өсімдіктер тобы. Негізгі балды өсімдіктер- далалық жерде өсетіндері: қарақұмық, бұршақтар, жоңышқа, беде, сәлбен, жуа, темекі, мақта, жалбыз жөне т.б. (Қаз. тілі термин. Биология). Қолдан өсірілетін жеміс-жидек, аққараған, жоңышқа, мақта сияқты балды өсімдіктер республиканың оңтүстігінде көп кездеседі (ҚСЭ).