Балқыма алу

lat: Balqyma alý.

т е х. Қатты металдарды жоғары температурада балқытып, сұйық фаза алу. Балқыма алу үшін белгілі бір металдарды (шикі құрамды) керекті мөлшерде алып араластырып, отқа төзімді қазандарда немесе пештерде балқығанша қыздырады (Қаз. тілі термин. Кен.).