lat: Baqylaýǵa alyndy
а) Байқауға алынды; аңду қойылды. Әккі қылмыскер ол жақтың бақылауға алынатынын білгеннен соң не істейді? Жолдас капитан, мұны сенен сұрап тұрмын (К.Тоқаев, Солдат.). Мемлекеттік инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.).
ә) Сыналды, тәжірибеден өтті. Бақылауға алынған асқабақ сорттарының тозаңдануы алғашқы гүлдеу кезеңі басталғанда суарылып және суарылмай байқап тексерілді (Д.Әбілев, Асқабақ). Жыл сайын әр малдың тегін айырып, бір жағынан бақылауға алып, анкет жүргізді (Ғ.Сланов, Замана.).