Қазақ халқының ғұрпында адал ниет, жақсы тілек білдірудің бір түрі. Өте ерте заманнан салтқа енген бата беру кейде өлеңмен кейде тақпақ, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры боп қалыптасқан. Бата – күнделікті өмірдің пайдалы жағын салыстыру сипатымен қатар анимистік — магиялық наным-сенімдердің элементі кездеседі. Белгілі бір істі бастарда, жауға, жолға, аңға шығарда ақ тілеу әзіз ақсақалдан бата алу салтында осы екеуінің де ізі бар. Кейін батаға ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата от басына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.