Діни салт. Бата алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі табиғаттан тыс күшке табыну негізінде қалыптасқан. Кейіннен мұсылман елдеріне тараған. Ислам дініне енген кезден бергі қазақ дәстүрінде бата салты өлгенге құран оқу, аят оқу сияқты діни наным-сенімдермен ұштастырылады. Ағайын-туғандар әдетте өлген адамның жылына дейін, кейде одан кейін марқұмның үйіне дүние, мал, ақша апарып, оның жақындарына көңіл айтады, өлікке бағыштап дұға оқытады. Қазақтың діни ғұрпында батаға үлкен мән берілген, оны өлген адам мен "құдай алдындағы парыз" деп есептеген.