Борыштылық

lat: Boryshtylyq

зат. Борышты болушылық, борышкерлік.

Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға, туған топыраққа борыштылық сезімдерінің бəрі махаббатқа байланысты (Ə. Нұршайықов, Махаб. жырл., 524). Бұл салт ұрпақтарға ата алдында өздерін мəңгі шəкірттік жəне мəңгі борыштылық сезімін тудырып, ата-аналарын өлгенше құрметтейтін қасиет қалыптастырады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 24).