Бұтаға паналаған [қорғалған] торғайдай

lat: Butaǵa panalaǵan [qorǵalǵan] torǵaıdaı.

Бұл екеуі бұтаға паналаған торғайдай, сені-ана, мені әке тұтып, үкіметтің салулы төсек, салқын үйіне бармай, қолымызға өздері келіп еді ғой (Қ. Кереева, Құндыз құпиясы).

Желіккен бозбалалар ұрып кетті,

Аударып етегімнен түріп кетті.

Бұтаға қорғалған торғайдай боп,

Қойнына Шал әкемнің кіріп кеттім (К.Әзірбаев, Таңдамалы шығ.).