Бұзауқа

lat: Buzaýqa

зат. зоол. Маралдың бұзауы.

Атпа, атпа! Обал болады! дегенде ғана ақын құлаған аңның қасында селтиіп тұрған маралдың сары теңбіл бұзауқасын көрді (К. Сегізбаев, Жылдың ең., 106). Тіпті өзен жанындағы тосқауылда жатып, бұғының бұзауқасын, доңыздың торайларын ұстап жеген кездері де болған (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 18).