lat: Cán óneri.
а) өнер. <англ. decorative art, фр. art decorative, нем. Decorative Kunst> Өмірдің барлық салаларына көркемдік ұйымдастыру енгізетін, ғимараттарды безендіру және т.б. сәулет өнеріндегі жұмыстармен байлансыты монументтік-сәндік өнерге де қатысты практикалық мақсаттарға қызмет ететін өнер түрлерінің жиынтық атауы.
Монументтi архитектуралық құрылыстар пайда болып, исламның таралуына байланысты қалаларда мешiттер салынды. Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi – Тараздағы Айшабибi және Қарахан мазарлары салынды (Қаз.тарихы).
Көшпелiлер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. ІV ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi мен сән өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу салалары дамыды (ҚҰЭ).
ә) Киімге қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде үстем талғамдарды қалыптастыру, осы талғамға сәйкес киім үлгілерін дайындау өнері, шеберлігі.
Сондай-ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына қарата алады («Дала мен Қала»).
Өзіміздің жерімізде халқымыз сәнді киінеді. Олар сәнөнері туралы көп нәрседен хабардар. Бұрынғыдай сәнгеайналған киім 3–4 жылға кешігіп келмейді. Қазақстандықтар ненің әдемі, ненің әдемі емес екенін ажырата алады («Дала мен Қала»).
Әңгіме оның белгілі бір кезең аралығында өмір сүретіндігінде. Себебі эстрада – сән өнері сияқты өзгермелі құбылыс, әрбір жаңа науқанда басқаша киім үлгісін ұсынып отырады дегендей. Ал дәстүрлі өнер - мәңгілік («Айқын»).