lat: DÁM
зат. ауыс. 1 . Ас, тағам, тамақ .
Дегесін, үлкен шаңырақ,
Дәм беріп еді жамырап,
Алақан жайып артынан,
Ақ тілеу айтқан аңырап (2,146).
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаңның ызыңдаған (3,58).
2 . Бір нәрсенің (өмірдің, тіршіліктің т.б.) қасиеті, ерекшелігі.
Болса да бір күн қымбат қой жарық,
Бірақ та бітер тіршілік дәм .
Дымқыл жер сонда бауырына алып,
Оятпас сені әлдилеп мәңгі (1,20).
Өмірдің толқыны тәкаппар тулап,
Аялдап артты емес-ау күтер.
Жүректің қанын құпия ұрлап,
Тіршілік дәмін таусып та бітер (1,20).