тағамның, дәмдік азықтардың сапасын органолептикалық (көзбен көру, иіскеу, дәмін байқау) түрде анықтау. Дәм татып өнімнің, тағамның сапасын анықтайтын маманды дәмсараптаушы (дегусгатор) деп атайды. Дәм тату процесін жүргізу үшін арнаулы адамдар мамандар шақырылады. Қазіргі заманда тек жүзім шараптарының ғана дәмін татып, сапасын анықтайды. Басқа тағамдардың, өнімдердің сапасын химиялық, биохимиялық және физикалық тәсілдермен анықтайды.