ДҮНИЕЖҮЗІ

lat: DÚNIEJÚZİ

зат. Жержүзі, бар әлем, ғалам .

Дүниежүзі әдебиетінің алтын қорына айналған бұл шығарманы қазақ оқушылары да қабылдар, халқымыздың мәдени мұрасына қосылған рухани үлестердің бірі болар деген ниеттемін (4,88).

Адамның тек қана адамның адал сезімін мына алапат ғасырдың шаң-тозаңдарынан, сәуле-шашырандыларынан қалай да қорғап қалу жалпы дүниежүзі ақындарының қазіргі замандағы миссиясы осы (4,273).