ДҮНИЕТАНЫМ

lat: DÚNIETANYM

зат. Адамның дүниені тану мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы; көрген-білгені, танымы, білімі .

Ақынның қадау-қадау, жекелеген өлендерін алып, оның дүниетанымын , көзқарасын, алған бағыты мен азаматтық үнін аңғарам деу қиянат (4,256).

Ақынның ақындығы, дүниетанымы , сан қырлы шеберлігі, суреткерлігі сом-сом сүйекті дүниелер жасарда ғана ап-айқын көрінбек, талантының құдіреті танылып, өмірге деген көзқарасы анықталмақ (4,317).