ДАУЫЛ

lat: DAÝYL /66/

зат. 1 . Алай-түлей қып, қатты соғатын жел .

Қарамай аязға, дауылға ,

Артта қап қырқаң да, тауың да,

Құйылтып келеді бір қазақ

Қиырда отырған ауылға (1, 128).

Далада дауыл болғанда,

Сая жоқ жанын қорғауға,

Ұшайын десе, қанат жоқ,

Қорғанға алыс орманға (3,138).

2 . ауыс. Отты жылдар: соғыс, қиыншылық, ауыртпалық .

Азапты күндер де өтті ауыр,

Салтанат құрған шақ, Октябрь.

Бір сәтке толастап сөнген кез,

Отанды шарпыған өрт, дауыл (1,123).

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас, көзімізден жас ақты.

Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты (1,215).