lat: DAÝYS /75/
зат. 1 . Адамның көмейден шығатын, құлаққа естілетін үні .
Жарқырайды түнгі ауылдың оттары,
Адам даусы , пысқырынған аттары.
Қызыл сәуле бір көрініп, бір сөніп,
Белден асып машиналар кетті әрі (1,83).
Ойын қалған, елең-алаң кеш кірген,
Мені іздеген шешем даусы естілген.
Ондай жанды көрмей ғұмыр кештім мен,
Ондай күлкі көрген емен ешкімнен (4,35).
2 . Мылтықтың атылған, мотордың оталған кезінде шығатын дыбысы.
Мотордың даусын есіте-есіте шаршадым,
Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым.
Жабағы үйді ақ жауын түтіп тұрғанда,
Отырар ма еді түтінін жұтып аршаның! (2,69).
– Жынданба, – дедім, – желөкпем,
Үйге қайт, енді кеш кірді.
Осы бір сәтте кенеттен
Мылтықтың даусы естілді (3,115).