ДАЛА

lat: DALA /346/

зат. 1. Кең байтақ жазық жер .

Байытып менің санамды,

Қуатты бердің бойға нық.

Далиып жатқан даламды ,

Астыққа қойдың қойма қып (2,279).

Айқай, заман!

Арқаның даласын - ай ,

Даласына қаласы жарасуы-ай!

Павлодар Арқаның ағасындай,

Бұғып қалған жаутаңкөз Жасыбайы,

Бабалардың құт құйған сабасындай (2,344).

2. Ауылдық жер, жапан дала (қала емес) .

Сан алуан гүл өскен

Далаңды сүйем сұлаған.

Төбелестен, күрестен,

Балаңды сүйем жылаған (1,73).

Жеңіс. Май. Дала көкпеңбек.

Тірілер түгел кеп бітті.

Кебенек киіп кеткен деп,

Арманды ана көп күтті (2,322).

3. Үйден тыс жер, сырт .

Тірі қалдық, өлмедік сонда да біз,

Ошарлы жан, бір үйде он баламыз.

Ұзақ күнге даладан шаршап келіп,

Өлімсіреп қарайтын сонда Анамыз,

Өмір сүре бергеміз сонда да біз (1,293).

Мұздағын сордым ақпанның,

Есімде жылқы баққан түн,

Арасын кеулеп ақ қардың,

Далада талай жатқанмын (2,200).

4. Есіктің алды, қора, аула .

Ол далаға шыққанда таң атқан-ды.

Әнге қарай бұлаққа жанап барды.

Таң Шолпаны дірілдеп бір жамбаста,

Тамашалап, таңырқап, қарап қалды (2,332).

Далада су тоңдырар аяз. Үй іші жылы (4,141).

Зияшты көріп, далаға атып шықты (4,169