lat: DAQ
зат. 1. Бір нәрсенің киімге, денеге түскен таңбасы .
Алақандай бөз орамал, бетінде тұр қан дағы ,
Қандай жанның құпиясы, қандай жанның арманы? (1,306).
Музыканттың халық арасына бетінің дағымен шығуы да біздің этикамызбен сыйыспайды (4,219).
2. ауыс. Қайғы-қасіреттің, уайымның белгісі, ізі, табы .
Таңба тұр өткен күннің бәрінен де
Қашанғы шыдай берсін кәрі кеуде.
Дариға-жүрегінің дақтары бар,
Келмейтін бұл өмірде дәрілеуге.
Қашанғы шыдай берсін кәрі кеуде (1,265).
Аязды мынау ақпанда,
Ақ ұлпа, мамық ақ қарда,
Сәбилер ойнап жатқанда,
Көңілде тұрған дақтарға ,
Қарайтын, тәйір, шақ бар ма?! (3, 280).