lat: DARY
ет. 1 . Бір нәрсенің адам денесіне кіруі, батуы .
Етті ме дарыған оқ мезі?
Біртүрлі самарқау бопты өзі.
Жабыңқы тәрізді, қарашы,
Жалтылдап тұратын от көзі (1, 110).
Төрт-бес төбет қаппады, таламады,
Рақмет иттерге, бағалады.
Иттің тісі жүрекке дарымады ,
Дарығаны – шұбар ат тағалары (1,245).
2 . ауыс. Бір нәрсенің бойдан орын алуы, қонуы, сіңуі .
Құмына да қазақтың құт дарыған ,
Құмы да оның құлдықтан құтқарылған.
Аңқаң кеуіп қалмайды баяғыдай,
Жүзгендердің түбінен сүт табылған.
Құмына да қазақтың құт дарыған (2,351).
Ағажан, жылы сөзің – дәрі маған,
(Дәрігердің шипасы дарымаған !).
Ағажан, жан екенсің жаның адал!
Ит екем ақ-қараны танымаған (3, 203).