lat: DARYN
зат. Адам бойындағы тумысынан (табиғатынан) біткен ерекше қабілет, талант .
Көктен түсіп келген жоқ дарын маған,
Сенің шырын сүтіңмен қабылдағам.
Әкелердің жолында жалындаған,
Шешек атқан шоқ гүлдер – дарын маған (2, 13).
Ойлы адамдар, оның үстіне ақындық дарыны бар суреткер адамдар қарапайым пенделердің назарына ілікпей қалған табиғат, өмір, дәуір процестерін байқағыш келетіні белгілі (4,286).