ДЕГЕНДЕЙ

lat: DEGENDEI

сын. Деген тәрізді, деген сияқты .

Мені жырла дегендей қара суың,

Мені жырла дегендей қара нуың.

Мені ойыңнан қалайша шығарасың,

Деп маған айтқан да еді талай ұлың (1,57).

Демалыс бітті.

Бөгелмей Шөпшілер іске аттанды.

Құтылдым ба дегендей ,

Қазаншы апай шаттанды (2,310).