Нольдік диета адам организміндегі қоректік қорып зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета. Аткинс диетасы XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета. Вегетариандық диета ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар: 1. Вегетариандық балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер; 2. Веганизм мал өнімдерінің ешқайсысында жемейді; 3. Шикілей жейтіндер тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді; 4. Жеміс және жаңғақтар экологиялық таза жемістерді жейтіндер; 5. Фрукториандықтар тек жемістер ғана жейтіндер. «Зона» диетасы адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сирс деген дәрігер жасаған диета. Микробиотикалық диета барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, тұзды, белсенді) деген категорияларға боледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылған қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет. Қырыққабат сорпасы диетасы әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета. Орниш диетасы жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.