арша жидегіне әр түрлі дәмдеуіштер (апельсин қабықтары, ангелика және т.б.) қосып тұндырылған сулы-спиртті сұйықты айдау арқылы алынған күші 45% күшті алкогольді ішімдік. Ағылшындар бұл ішімдікті нан суы деп те атайды. Алғашқы рет бұл ішімдікті Нидерландия дәрігерлері емдік дәрі ретінде дайындаған. Амстердамда 1575 жылдан бастап Лукас Бола фирмасы ішімдік ретінде шығара бастады. Тоник қосып ішеді немесе коктейльдерге қосылады.