ДОНОР

lat: DONOR

зат. мед. Емдік мақсатта өз қанын еркімен беретін адам .

Мен донормын .

Шипа болар қаным бар.

Қабылдаңдар, алыңдар.

Менің жылы қанымның

Қасиетін таныңдар (2,358).

Мен донормын.

Таза қан.

Сақ боласыз жазадан,

Сақ боласыз мазадан,

Қабылдаңыз?!

Көп берем де, аз алам,

Сіздегі сансыз түтікпен

Менің қаным өтеді,

Маған сол да жетеді! (2,358).