ДОС /268/

lat: DOS /268/

зат. 1. Бір-біріне шын көңілмен берілген, сырлас, мұңдас, қимас адамдар .

Осы ма, тағдыр, қосқаның?

Ағытқан сырды,

Жоқтасқан мұңды,

Сағындым, қайран достарым ? (1,54).

Қос досым , қос қанатым Қайрат, Берік,

Мал-мүлкін қоспаса да айдап келіп,

Әлдері келісінше әкесіздер,

Әлек боп жатыр маған қайрат беріп (1,264).

2. Қызмет бабымен бірге жүріп,

бірге тұрған сыйлас адамдар .

Қайран достарым менің!

Майдандастарым менің!

Қайдасыңдар, қайдасың, бауырларым,

Сағынамын сендерді, сағынамын (2,269).

Питерде. Надямен танысу,

Күрестес достармен табысу.

Алғашқы айтыстар, таластар,

Халықшыл «ерлермен» қағысу (1,121).

3. Көрші жатқан, тату-тәтті елдер (халықтар) .

Сағат сайын өзгеретін,

Мәміледен қатыбас,

Аулақ болам, жоламаймын, айтқаныма татымас.

Дос елменен достарға ұқсап,

Жасап бағам қатынас (2,149).

Көзіңнен ғайып болған ба,

Қаныңмен жеңген бостандық?

Бостандығыңды қорғауға,

Келмей ме халің, дос халық? (3,25).

4. ауыс. Өзімен ылғи бірге болатын, серік .

Домбырам, досым менің күй аңсаған,

Өзімді, өмірімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялдаған.

Шапағың бар шаттығын құяр маған (3,201).

5. ауыс. Күнәні бірге істейтін, әмекбасша .

Бастарында топан су, ақырзаман,

Бас көтере алмады қатын-балам.

Бөтелкелес « достардан » басқа жан жоқ.

Бөсіп кеткен кезімде мақұлдаған (2,129).

« Достардың » ортасына түсіп қалдым. (Шәміл-ау! Осы мені ұшықтар кім?)

Желдеріне желігіп пысықтардың,

Кеше мен махаббатқа ішіп бардым (2,166).

6. Қаратпа сөз ретінде де қолданылады .

Кешір, дос , менің біраз бөскеніме,

Есім кетіп оралам естегіме.

Қай-қайдағы жоғалған қайран күндер,

Шыныменен шыршадай өшкені ме?! (1,274).

Қандай рақат! Жүрейік, достар , күнде өстіп,

Ренжу деген,

Ренжу деген білместік.

Бауырларым-ау!

Бәріміз қиын күн кештік,

Арамызға біздің

Қай жақтан келді күндестік?! (3,82).