ДОСТЫҚ

lat: DOSTYQ

зат. 1. Екі адам арасындағы қалтқысыз мәңгілік сыйластық .

Достық !

Қасиетті достық !

Махаббаттан жоғары. (Тұрақсыздар татымайды дос деуге).

Нағыз достық бір жүрекпен соғады,

Бір-ақ жүрек қос кеуде (2,50).

Досым, саған сенемін.

Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген адамның көрігі екен,

Достық деген ақылдың серігі екен (1,183).

2. Халықтар (елдер) арасындағы ынтымақты, бейбіт қарым-қатынас .

Біздің достық әрбір ұлт санасында,

Ортақтасып ойымен жарасуда.

Біз достықты тілейміз жер жүзінде,

Ақ ниетті барлық адам баласына (1,285).

Езілген елден өскен Орда Одақпыз,

Мәңгілік достық болып орнамақпыз.

Қан төгіп, жеңіп алған достықты біз

Қанымыз сарқылғанша қорғамақпыз (1,285).