lat: DYBYS
зат. 1. Ауа толқыны арқылы құлаққа естілетін үн .
Жетімек бұлттар жер ауып қайда көшеді,
Өшеді қашан бүгінгі және кешегі?
Дауылдың соғар,
Жауынның жауар шақтарын,
Бетховен ғана дыбыстан сезген деседі (2,154).
Мен білдім, жата бердім бұға-бұға,
Бір сәтте дыбыс келді құлағыма:
– Тентегім, кешір мені, кешір, кешір!
Білмедім, күлді ме Айна, жылады ма?! (2,337).
2. лингв . Сөздің құлаққа естілетін ең кішкене бөлшегі. Қарапайымдағы «а» деген дыбыстың өзі де мың түрленіп, басқадай бір нақышпен, басқаша етіледі (4,194).