lat: Dan
зат. спорт. Таэквонда жеңімпаздарына берілетін ең үлкен атақ.
Мұстафа Кəбенұлы Өзтүрік таэквондадан алты «данға» ие болған, алты тілде еркін сөйлей алатын адам (Халифа Алтай, Алтайдан., 122). Мұстафа Өзтүріктің Германияда жаттыққаны, алтыншы данға жеткені көп айтылған (Қ. Олжай, Қанат байла., 150). Дан демекші, Мұстафа атамекенге ат басын тірегенде алтыншы даны бар еді. Кейін осы спорт түрін дамытудағы орасан зор еңбегін бағалап, оған Қазақстанда жетінші дан берді (Бұл да, 154).